Қоғам

Ұлытау: Жастар арасында Конституция білгірлері анықталды

Өңірде жас буынның құқықтық мәдениетін көтеру және Ата Заңның маңыздылығын ұлықтау мақсатында «Конституция туралы не білдік?» атты танымдық викторинасы ұйымдастырылды.

Сұрақ-жауап форматында өткен интеллектуалды додаға облыс жастары белсене қатысып, еліміздің негізгі заңына қатысты білімдерін сарапқа салды. Шара барысында қатысушылар тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, өзекті құқықтық тақырыптар төңірегінде өзара пікір алмасып, еркін дискуссия жүргізді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың конституциялық нормалар туралы білімін тереңдету арқылы олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімін нығайту болып табылады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар құқықтық сауаттылықты арттыру жолымен өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруды көздейді.

«Конституция — мемлекетіміздің тұрақтылығы мен әрбір азаматтың бостандығының кепілі. Сондықтан басты заңымызды білу және құрметтеу — әрбір жастың азаматтық міндеті», — деп атап өтті шараны қорытындылаушылар.

Ұлытау төрінде өткен бұл танымдық шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, осындай форматтағы кездесулердің маңыздылығы жоғары бағаланды.

TuraNews

Back to top button