Басты

Ұлытау: Жаңаарқада ауызсу инфрақұрылымын тарту жұмыстары жалғасып жатыр

Жаңаарқа ауданына қарасты Жомарт және Ақбастау – 189 разъезд елді мекендерінде ауызсу жүйелерін тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жобалар биылғы жылдың шілде айында басталып, мердігер компания «Жаңаарқа – 2006» ЖШС арқылы жүзеге асуда.

Аталған жобалар заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару есебінен, арнайы мемлекеттік қор арқылы қаржыландырылып отыр.

Жомарт станциясы

Елді мекенде 34 үй, 161 тұрғын бар. Бүгінгі күнге дейін:

  • 5,1 км магистраль және абоненттік құбырлар толық тартылды;
  • Насостық станция аумағы қоршалып, КПП құрылды;
  • 100 м³ көлеміндегі 2 резервуар орнатылды;
  • Екі ұңғыма бұрғыланып, электр желісі жүргізілді;
  • Насостық станциясының іргетасы дайын, жақын күндері құрылғысы әкелінбек.

Ақбастау – 189 разъезді

Ақбастау (24 үй) және 189 разъезд (29 үй) бойынша 162 тұрғынды қамтиды. Бүгінде:

  • Су құбырлары толық тартылды;
  • Насостық станцияның қоршауы мен КПП құрылысы аяқталды;
  • 100 м³ көлеміндегі 2 су резервуары орнатылған;
  • Екі ұңғыма бұрғыланып, электр желісі тартылып бітті;
  • Насостық станцияның іргетасы дайын, жабдықтар жақын арада жеткізіледі.

Жобалар ауыл тұрғындарын таза, сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жалғасуда.

TuraNews

Back to top button