Спорт
«Ұлытау» ФК Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы голын соқты
30 наурыз күні Жезқазған қаласының «Металлург» стадионында 2025 жылғы футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 3-тур аясында «Ұлытау» - «Жеңіс» ойыны өтті. Кездесу 1:1 есебімен аяқталып, екі команда ұпай бөлісті.

Матчтың 17-минутында «Жеңіс» футбол клубының ойыншысы Эрдон Дачи есепті ашса, екінші таймда «Ұлытау» футбол клубының шабуылшысы Николай Солодовников пенальти соққысынан есепті теңестірді. Бұл гол тарихта «Ұлытау» футбол клубының Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы голы болып тіркелді.
Келесі турда 6 cәуір күні «Ұлытау» сырт алаңда семейлік «Елімай» ұжымымен ойнайды.