Қоғам

Ұлытау: бір шаңырақ астындағы медиа

Жезқазғанда Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық журналистер клубының отырысы өтті.

Іс-шараға Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ербол Күмісходжаев, жергілікті БАҚ өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен облыс әкімі Дастан Рысбековтің тапсырмаларын ақпараттық сүйемелдеу, этносаралық келісім мен бірлік саясатын ілгерілету жолдары талқыланды.

Журналистер клубы — этномәдени тақырыптармен жүйелі айналысып жүрген кәсіби алаң. Тәжірибелі редакторлар мен жас авторлар өз жобаларын ұсынып, БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы қоғамға үн қатып жүр.

Кездесуде клуб жұмысына жаңа форматтар енгізу, мемлекеттік құрылымдармен тығыз әріптестік орнату, бірлескен медиаинициативаларды дамыту қажеттігі айтылды. Бұл — сапалы ақпараттық жұмыстың кепілі.

Ассамблея құндылықтары — бірлік, өзара құрмет және мәдени әртүрлілікті насихаттау — Ұлытау өңірінде кәсіби деңгейде жүзеге асып жатыр. Журналистердің осы жолдағы еңбегі — татулықты нығайтудың маңызды құралы.

TuraNews

Back to top button