Басты
Ұлытау: аудан орталығында жабық жүзу бассейнінің құрылысы басталды
Бүгін аудан әкімі Аманжол Мырзабеков аудан орталығында салынып жатқан бассейн ғимаратының құрылысымен танысты.

Құрылыс алаңында қоршаулар орнатылып, аумақ тазартылып, болашақ бассейннің құрылысы үшін шұңқыр қазылған, бүгінде алғашқы жұмыстар басталды.
⠀
Жоба типтік жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленді. Жобаға жергілікті жағдайларды ескере отырып, абаттандыру элементтері (қоршау, жарықтандыру), сонымен қатар инженерлік инфрақұрылым – модульдік қазандық, электр және сумен жабдықтау, сыртқы желілер енгізілген. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталуға тиіс.
⠀
Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге септігін тигізетін жабық жүзу бассейні аудан орталығының арайын аша түспек.