Мәдениет
Ұлытау: аналарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды
№6 Талап ауылдық кітапхана филиалында Аналар күніне орай "Батыр ана — бақытты әйел" атты кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға ауылымыздың көпбалалы аналары қатысып, өз өмір жолдары, еңбектері мен бала тәрбиесі туралы әсерлі әңгімелерін ортаға салды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Кездесу барысында кітапхана қорындағы «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен жарық көрген қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдары жайлы кітаптар таныстырылды.
Мерекелік кеште аналарға арналған жүрекжарды өлеңдер оқылып, оларға деген шынайы құрмет пен ыстық ықылас білдірілді.