Қоғам
Ұлытау: «Ана – өмірдің гүлі» сырласу кеші
3 мамырда №2 үлгілі кітапхана-филиалы Аналар күніне орай «Ана – өмірдің гүлі» атты сырласу кешін ұйымдастырды.

Кітапхана қонағы «Ақ әжелер» ансамблінің мүшесі, ардагер ана Шынар Рахатқызы Қажмағанбетова және «Жанұя» отбасылық клубының мүшелері қатысты, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Іс-шарада Оқушылар «Ана» әнін жылы тебіреніспен орындап, аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кітапхана қонағы Шынар Рахатқызына құттықтау сөз сөйлеп, жас буынға аналық ақылын білдірді.
Шара барысында «Анаңды қаншалықты танисың?» атты сұрақ-жауап викторинасы жүргізілді. Сырласу кеші «Ана туралы жыр» әнімен қорытыланды.