Әлем

Ұлыбританияның ғарыш саласындағы Virgin Orbit компаниясы жұмысын тоқтатады

Британ миллиардері сэр Ричард Брэнсонға тиесілі Virgin Orbit компаниясы жаңа инвестиция тарта алмағандықтан қызметкерлерінің 85% жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

БАҚ ақпараты бойынша, фирма сондай-ақ, жұмысын да тоқтатады.

Биыл Virgin Orbit компаниясының тарихтағы алғашқы сәтсіз ұшырылымы болды. Компания Ұлыбритания аумағынан бортында спутнигі бар зымыран ұшырған еді. LauncherOne компаниясының зымыраны ғарышқа ұшып барғанымен, мақсатты орбитасына жете алмады.

Бұл ұшырылымға зор үміт артылған еді. Себебі ол Ұлыбританияны жаһандық «ғарыш» ойыншысына айналдыратын – зымыран өндіруден бастап, зымырандарды жасау және жаңа ғарыш айлақтарын құруға мүмкіндік беретін маңызды қадам болуы керек еді.

Нью-Йорктегі сауда-саттық жабылғаннан кейін компания акциялары 44% астамға құлдырады.

Virgin Orbit-тің барлық бөлімшелерінде жұмыс істейтін шамамен 675 қызметкер жұмыстан шығарылады.

«Бізде түбегейлі және ауыр шаралар қабылдаудан басқа амал қалмады», — деп мәлімдеді Virgin Orbit атқарушы директоры Дэн Харт қызметкерлермен кездескен кезінде.

2017 жылы негізі қаланған фирма табыс әкелмеген. Ол шағын спутниктерді ұшыруға арналған зымырандарды жасайтын және құрамына Virgin Atlantic авиакомпаниясы мен Virgin Galactic ғарыш туризмі компаниясы кіретін Ричард Брэнсонның бизнес-империясының бір бөлігі еді.

TuraNews

Back to top button