ӘлемЭкономика

Ұлыбританияда азық-түлік бағасы аспандап тұр

Ұлыбританияда азық-түлік өнімдері шамамен 17%-ке қымбаттады, деп хабарлайды Turanews.kz 24.kz порталына сілтеме жасап.

Жанар-жағар май арзандағанымен, сүт, ірімшік және жұмыртқа сияқты халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасы аспандап тұр. Бұған қоса, мейрамхана, қонақүй қызметі мен әуе билеттерінің құны да шарықтап кетті.

Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің бағасы шарықтап кетті. Сүт өткен жылмен салыстырғанда 50%-ке қымбаттаған. Нан, макарон өнімдері және қанттың да құны қараша халықтың қалтасына батып отыр. Кедейлік қамытын кигендер фудбанктің көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Фудбанк — айлығы шайлығына жетпейтіндерге тамақты аптасына бір рет тегін тарататын жер. Барлығы демеушілердің есебінен. Қайырымдылық орталығына дүкендер азық-түлікпен көмектессе, кәсіпкерлер ақшалай қолдау білдіреді. Қымбатшылық қалтаны қаққан тұста, мұнда келушілердің қатары көбейген.

Барлығы демеушілердің есебінен. Қайырымдылық орталығына дүкендер азық-түлікпен көмектессе, кәсіпкерлер ақшалай қолдайды.

TuraNews

Back to top button