БастыСаясат

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Тәжікстанға ресми сапармен келді

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Тәжікстанға келді.

Бұл туралы Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Сапар барысында британдық дипломат Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен және елдің Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддинмен кездеседі.

Тараптар екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту мен тереңдету перспективалары бойынша пікір алмасады, сондай-ақ өңірлік мәселелерді талқылайды»,- денілген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button