Спорт

Ұлы жол — Abai Joly 100 miles: «Shakarim University-90» ультрамарафоны өтеді

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні 10 тамызда «Shakarim University-90» ультрамарафоны өткізіледі.

Ұлы ақын шығармашылығын, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау үшін 2024 жылдың 10 тамыз күні Семей мен Жидебайдың арасында 160 шақырымдық және Семей мен Бөрілі арасында 80 километрлік «Shakarim University-90» ультрамарафондар өткізіледі. Жарысты ұйымдастырушы Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестік. 50 мильдік / 80 км. жарыстың демеушісі Семей мемлекеттік Шәкәрім университеті.

Елімізде спорттық зерттеулерді дамыту және бұқаралық спортты жандандыру аса өзекті мәселелер. Сондықтан болашақта дәстүрлі түрде жалғасатын жарыс – қазақтың ұлы ақыны Абайдың құрметіне өткізіледі. Атауы – «Abay Joly 100 miles» сондықтан.

Жарысқа үш жізге жуық желаяқ қатысады, олар Астана, Қостанай, Павлодар, Зайсан, Петропавловсктен келді. Семей қаласы мен Абай облысының өкілдері де бар. Бірнеше спортшы шет елден келеді. Олардың бәрі тәжірбиелі желаяқтар, әр қайсысы өз жасының категориясында чемпион болып жүрген спортшылар.

Ультрамарафонның екінші дистанциясы Семейден Бөріліге дейін 50 миль, яғни 80 шақырымдық қашықтықты қамтиды. Бұл дистанцияның демеушісі Шәкәрім университеті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақы беріледі. Желақтардың екі жастар санаты бойынша 18-45 жас және 46 жастан жоғары, бірінші орынға 300 мың, екінші орынға 250 мың және үшінші орынға 200 мың теңге, жалпы сомасы 1 500 000 теңге ректорат тарапынан тағайындалған. Бөріліге дейін қатысушылардың көбі Шәкәрім университетінің оқытушылары мен студенттері.

Ал бұндай ұзақ қашықтыққа дайын болмаған спортшылар 6 км.дистанция тіркеліп, ұлы Абайдың тойына өз үлестерін қосуға болады. Бұл қашықтыққа қатысуға студенттер мен қала тұрғындарын шақырамыз. Жұлде қоры 1 000 000 теңге. Жас санаттары бойынша «El Sport» бірлестігі бірінші орынға 20 мың, екінші орынға 15 мың және үшінші орынға 10 мың теңге сыйықы тағайындаған.

Жарыс жайлы толық ақпаратты білу үшін: Рамазан Саттарұлы +77013906994

TuraNews

Back to top button