Қоғам

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлері марапатталды

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков бірқатар тыл ардагеріне «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

Салтанатты шарада аймақ басшысы ардагерлерге зор құрмет білдіріп, елге сіңірген еңбектері үшін алғыс айтты.

«Сіздердің жанкешті еңбектеріңіз, сабыр мен төзімдеріңіз – бүгінгі бейбіт өміріміздің берік негізі. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – барша халқымыз үшін ерекше тарих. Сіздерге көрсетілетін әрбір құрмет – өскелең ұрпақ үшін тағылым мектебі», – деді облыс әкімі.

Бүгінде Ұлытау облысында 397 тыл ардагері бар. Аймақ бойынша Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда:

– Тыл ардагерлері мен кәмелет жасына жетпей тұтқында болған азаматтарға бір реттік 200 мың теңгеден әлеуметтік төлем берілді;

– Соғыс кезінде өмірлік серігінен айырылған аналарға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Облыс әкімінің айтуынша, мұндай қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады. Өйткені ардагерлерге құрмет – елдіктің белгісі, бірліктің негізі.

 

TuraNews

Back to top button