БастыМәдениетСпорт

Ұлы дала мұрасы

Наурызнаманың онкүндігі аясында 20 наурызда Ұлттық спорт күні атап өтіледі.

Ұлттық спорт – тек сайыс пен жарыс қана емес. Бұл Ұлы даланың рухы, мәдениеті, тарихы. Күш-қайрат пен табандылық, стратегиялық ойлау қабілеті көшпенділер бойына ежелден дарыған, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Ат пен садақ – көшпелі өмірдің басты символдарының бірі әрі спорт түрлері. Оның ішінде:

аударыспақ – ептілікті, күштілікті талап ететін салт аттылардың ер үстіндегі сайысы;

бәйге – ат жарысы, онда спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылады;

қазақша күрес – күш пен табандылықты дамытатын күрес.

жамбы ату –  ат үстінде шауып келе жатып, нысананы атып құлату;

қой көтеру – тірі қойды көтеріп жарысу;

тоғызқұмалақ – стратегиялық ойлау қабілетін дамытатын логикалық ойын.

Бүгінде республика бойынша 16 555 ұлттық спорт үйірмесі, кадр даярлау саласында 15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 17 спорт клубы жұмыс істейді.

Ұлттық спорт – бұл ұрпақтар сабақтастығы, өткенге құрмет пен болашаққа сенімді көзқарас.

TuraNews

Back to top button