БастыМәдениет

Ұлттық домбыра күніне орай Түркістан облысында «Домбыра тарту» челленджі өтіп жатыр

Түркістан облысында «Домбыра тарту» челленджі өтіп жатыр, деп хабарлайды Turanews.kz.

Түркістандағы «Этноауыл» кешенінде «Қазақтың үні – домбыра» атты мерекелік концерт өтті. Ұлттық рухты көтерген іс-шараға Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, облыстық мәлихат депутаты Қалыйма Жантөреева, «Оқушылар» сарайының директоры Индира Икапова, сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтар қатысты.

«Домбыра — ғасырлар бойы қазақ халқымен бірге жасап, қиын-қыстау кезеңдерде елдің мұң-мұқтажын тілсіз жеткізген қастерлі аспабымыз. Бұрын оның үні алты қырдан асатын болса, қазір алты құрлыққа жетіп, әлем халқын тәнті етіп келе жатыр. Сондықтан, асыл домбырамыздың құдіретін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің идеологиялық маңызы зор», — деді іс-шараны ашып берген Оразкүл Шайхықызы.

Сондай-ақ, облыстық мәлихат депутаты Қалыйма Жантөреева мен «Оқушылар» сарайының директоры Индира Икапова да барша қазақ елін мерекемен құттықтап, домбыраның маңызына тоқталып өтті.

TuraNews

Back to top button