Ұлағатты ұстаз «еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ергендерге ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны қашанда ерекше.
Осы орайда ұстаздардың ұстазы, бар ғұмырын ғылымға, шәкірт тәрбиелеуге арнап келе жатқан, ұстаз мамандығының қасиеттілігін ұғындырып келе жатқан, білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы, ардагер ұстаз Нуртанова Алтынай Бермаханбетовна.
«Марапат өз иесін табады» деген халық даналыға бар. Осыған орай «ШАПАҒАТ-ПЕДАГОГ» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Г.Тлеубердиева Әл-Фараби атындағы жекеменшік мектебіне арнайы барып, ардагер ұстаз Алтынай Бермаханбетовнаны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірі Ғ.Бейсембаевтің Алғыс хатымен және «Еңбек ардагері» төс белгісімен марапаттады.
Нуртанова Алтынай Бермаханбетовна 1986 жылдан бері Сайрам ауданы білім бөлімінің №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі болып жұмыс атқарып, осы мектептен зейнетке шықты. Ол оқушыларға білім мен тәрбие беруде аянбай, белсене жұмыс атқарды. Қоғамдық жұмыстарға да қатысып, алдына қойылған мақсатына ұмтылып жұмыс жасады. Ұжыммен тез тіл табысып, іскерлік қабілеттерінің жоғары екендігін көрсетті. Ұстаздық міндеттерін адал орындады.
Алтынай Бермаханбетовна өзінің көп жылдар шәкірттерге білім беру саласында барынша алғыр, білімдар екендігін атап көрсетуге болады. Білім нәрімен сусындатқан шәкірттері облыс, қала көлемінде өткен олимпиада жеңімпаздары.
• ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі
• 2013 жылы «Білім беру ісінің үздігі» медалі «ҚұрметАВ» ҚБ;
• 2018 жыл Түркістан облысы білім басқармасының Алғыс хаты;
• 2020 жыл Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министірлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.
Қазіргі таңда зейнетке шыққанына қарамастан өзінің білімі мен дағдыларын жас ұрпаққа беру үшін Әл-Фараби атындағы жекеменшік мектебінде математика пәні мұғалімі болып жұмыс атқарады.
Бұл — ұстаздарымыздың көп жылдар бойы білім саласында аянбай еңбек етіп, ұстаздардың бедел-мерейін өсірудегі еңбегінің жемісі!