Спорт

Уимблдон: Путинцева олимпиада чемпионын ұтып, үшінші айналымға шықты

Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде өзінен бір саты төмен тұрған чехиялық Катержина Синяковамен өткізді.

Синякова – жұптық сында әлемдік рейтингіде көш бастап, Токио олимпиадасының чемпионы атанған спортшы. Бірінші партияда Путинцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0. Екіншісінде есеп 4:4 болған мезетте Синякова брейк жасап кетті – 6:4. Үшінші, шешуші сетте Юлия 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Юлия Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнайды.

Source
ktf.kz

TuraNews

Back to top button