
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2023 жылғы Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп жазады Turanews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.
Жарыстың екінші айналымында амеркикалық Джеффри Вулфпен кездескен отандасымыз қарсыласын 6:3, 7:6, 6:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Осымен мансабында үшінші рет Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне шыққан Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін не Максимилиан Мартерермен, не Майкл Ммомен кездеседі.