БастыҚоғам

Уақыт белдеуі қайта өзгере ме?

ҚР Сауда және интеграция министрлігі уақыт белдеуіне қатысты петицияға қажетті қол жинағанын мәлімдеді.

Елімізде уақыт белдеуін қайта бұрынғы қалпына келтіру жөнінде петиция жарияланып, қажетті 50 мың қолды жиналды.

ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, елу мың қол қою шегіне жеткеннен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5 бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күн. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады, делінген хабарламада.

Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетіні айтылған.

Айта кетейік, Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы алғашқы ұсыныс 2020 жылы жасалды. Оған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет қаулысына қол қойды. 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

TuraNews

Back to top button