
Футболдан U-23 Азия кубогының іріктеу кезеңінің 1-тур ойындары басталды. Өзбекстан құрамасы өз алаңында қабылдаған кездесуде Ауғанстан құрамасын 8:1 есебімен жеңді, деп жазады Turanews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.
Ташкенттегі «Жар» стадионында өткен матчта голдардың авторы Жасурбек Жалолиддинов (дубль), Алибек Давронов, Хусайн Норчаев (хет-трик), Алишер Одилов және Мұуаммадқодир Хамролиев болса, қонақтардың жалғыз голын Умид Мусави соқты.
Осы топтағы Иран мен Гонконг арасындағы кездесуде парсылар 3:0 есебімен жеңіске жетті.