Кездесуде Куртулмуш дос және бауырлас елдер арасындағы өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделген көпжақты ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын баса айтып, екі ел арасындағы соңғы мемлекеттік сапарлардың байланыстардың нығаюына үлкен үлес қосқанын айтты, деп хабарлайды TuraNews.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, жақын арада Парламенттік делегация құрамында Қазақстанға баруды жоспарлап отырған Куртулмуш Қазақстанның түркі әлемінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
ТҰҰМ төрағасы, 2023 жылғы ақпанда Кахраманмараштағы жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысын білдіріп, бауырлас Түркия мемлекетінің әрқашан Қазақстанға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Еске салайық, 7 сәуірде Түркия Сыртқы істер министрлігі Түркияның Қазақстанға су тасқынымен күресуде кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін мәлімдеген болатын.