Қоғам

Тұрмысы төмен отбасылардың балалары балабақшада тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Әлеуметтік осал топтан шыққан, қиын жағдайдағы отбасылардың балалары балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаржылай қиындыққа ұшыраған отбасылар өздерінің балаларын, қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты, кезекке де қоймайды, сәйкесінше олар балабақшаға да бармайды. Нәтижесінде бұл балалардың әлеуметтенуі жеткіліксіз болады, мектептегі үлгерімі төмен тәуекел тобына түсуі бойынша тәуекелдер көп. Сондай-ақ, балалар дұрыс тамақтанбағандықтан, олардың денсаулығында да проблемалар туындайды»,  дейді министр.

Президенттің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бірнеше тармаққа тоқталып өткен ведомство басшысы бұл мәселенің қалай шешілетінін мәлім етті.

Президенттің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бірнеше тармаққа тоқталып өткен ведомство басшысы бұл мәселенің қалай шешілетінін мәлім етті.

«Бұл мәселені шешу үшін енді Президенттің бағдарламасына сәйкес, Отбасының цифрлы картасы арқылы қиын жағдайға ұшыраған, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды анықтау алгоритмі енгізіліп, олар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Президенттің бұл игі бастамасы бірнеше жүз мың балаға балабақшаға баруға, оларды әлеуметтендіруге, денсаулығын жақсартуға, болашақта оқу үлгерімін жоғарылатуға мүмкіндік береді», деді ол.

Ведомство басшысы сәбилерді 2 жастан бастап балабақшамен қамту міндеті бекітілгенін мәлім еткен болатын.

TuraNews

Back to top button