Тұрлыханов театр қызметкерлерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулет Тұрлыханов сайлауалды штабының мүшелерімен бірге Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театры қызметкерлерімен кездесті.
Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры Астанадағы мәдениет мекемесі. 1991 жылы 15 қарашада ашылды.

Театр ұжымы «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесіне ие болды. 2020 жылы ҚР бұрынғы Президенті — Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен театр жаңа заманауи ғимаратқа көшті.

Актерлік құрамда — 56 актер, оның ішінде 4 – «ҚР Халық әртісі», 4 – «ҚР Еңбек сіңірген әртісі», 22 – «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері», 3 – «Дарын» ҚР Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, 2 – ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаттары, 10 – «Ерен еңбегі үшін» (?), 5 – ҚР Жастар Одағы «Серпер»сыйлығының медаль иегерлері.

«Жүсіпбек Аймауытов «театр — ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны» деген. Рас, театрға барсаң еңсең көтеріліп, рухани серпіліп қаласың.
Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында қазір 460 адам еңбек етеді. Менің ойымша, әділетті қоғам болу үшін қызметкерлердің жұмыстары әділ бағалануы тиіс. Мұны өнер мен мәдениетке құйған инвестиция деп бағалау керек», — деді Тұрлыханов.
№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.



