БастыҚоғамМәдениетТуризм

ТҮРКСОЙ Музейлер Одағы тәжірибе алмасу бағдарламасы өтті

2025 жылдың 24-28 ақпан аралығында Ыстамбул және Анкара қалаларында тұңғыш рет ТҮРКСОЙ Музейлер Одағының тәжірибе алмасу бағдарламасы өткізілді.

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы және Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 24-28 ақпан аралығында Ыстамбул және Анкара қалаларында тұңғыш рет ТҮРКСОЙ Музейлер Одағының тәжірибе алмасу бағдарламасы өткізілді.

Шара аясында Қазақстаннан Алматы Музейлер Одағы мен Түркиядан Мусa Баран Балалар Ойыншықтары музейі, Сабиха Тансу Этнография музейі және Анкара Шахмат музейінің қызметкерлері кездесіп, кәсіби білім мен тәжірибелере алмасты.

Стамбулда семинарлар және техникалық оқулар өткізілді

Бағдарламаның бірінші кезеңі 24-26 ақпанда Ыстамбұл қаласында өтті. Қатысушылар қаланың реставрация және консервация орталығы мен аймақтық зертханасы, Ыстамбұл Археология музейі мен “Түркі және ислам ескерткіштері музейінде” өткізілген семинарларға және тәжірибелік оқуларға қатысты.

Бағдарлама барысында музей басқару ісі, коллекцияларды қорғау әдістері, реставрация процестері және музей ісіндегі цифрландыру салалары бойынша сарапшылардың презентациялары тыңдалды.

Үдеріске қосқан үлестері үшін “Ыстамбұл Археология музейінің” директоры Рахми Асалға, “Түркі және ислам ескерткіштері” музейінің директоры Экрем Айтарға және “Ыстамбұл реставрация және консервация” орталығы мен “Аймақтық зертхана” директоры Эфтал Кыразға ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев атынан ТҮРКСОЙ Басқарма басшысы Джавид Мөвсүмлі алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар тапсырды.

Ыстамбұлдағы бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар Топқапы Сарайы музейі, Долмабахче Сарайы музейі және Айя София мешітіне барып, Османлы және түрік-ислам өнері мұрасын зерттеу мүмкіндігіне ие болды.

Анкарадағы бағдарлама мәдени сапарлармен аяқталды

Тәжірибе бағдарламасының екінші кезеңі 27-28 ақпан 2025 жылдары Анкара қаласында өткізілді. Қатысушылар астанадағы маңызды музейлерге барып, Түркиядағы музей ісінің тәжірибелерін жақынан таныды. Сондай-ақ қонақтар Анытқабыр, 15 Шілде Демократия музейі, Анкара Этнография музейі, Анкара сурет және мүсін музейі, Ескі ТҰҰК музейі және Анкара Шахмат музейін де аралауға мүмкіндік алды.

Бағдарлама соңында ТҮРКСОЙ Бас кеңсесінде өткізілген салтанатты рәсімде қатысушыларға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев алғыс хаттар табыстаса, Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм министрлігінің Мәдени мұралар және музейлер бас басқармасы Қазбалар және Зерттеулер департаментінің басшысы Умут Гөргүлү арнайы сертификаттар табыстады.

Бұл бағдарлама түркі әлемі музейлері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, музей ісіндегі жаңашылдықтарды бөлісуге және ортақ мәдени мұраны қорғауға үлес қосу мақсатында маңызды қадам болып бағаланды. ТҮРКСОЙ музей ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау мақсатында осындай бағдарламаларды өткізуді әрі қарай жалғастыр бермек.

 

TuraNews

Back to top button