
Көрмеде Исмет Кетеннің тұғралары қойылды, ашылу рәсімінде музыкалық сүйемелдеу болды. Кетен тұғралардың тарихы мен түрлері туралы мәлімет берді.
Конференцияда ТҮРКСОЙ өкілі Саийт Юсуф тұғраның түркі әлемінің көркемдік көрінісі екенін атап өтті. Анкара Музыка және көркем өнер университетінің ректоры Ерхан Өзден хат өнерінің маңыздылығын айтты және университеттте дәстүрлі өнер бөлімінің ашылғанын хабарлады.
Конференцияда Сыддық Чалык, Айхан Пала, Мехмет Дүгмеджі және Исмет Кетен тұғраның тарихы мен ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
Шара соңында музыкалық қойылым ұсынылып, қатысушыларға сертификаттар берілді.