Жиынға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Уфук Тузман, Али Акбаш, Өмер Кайыр және қала тұрғындары қатысты, деп жазады TuraNews.kz ТҮРКСОЙ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шарада сөз сөйлеген бас хатшы Сұлтан Раев сөзін «Қымбатты досым әрі әріптесім Якуп» деп бастап, Өмероғлұмен жиырма жыл бұрынғы достығына тоқталды. Өмероғлұның ортақ түркі әлемі мәдениеті жолындағы еңбегін еске салған Раев: «Оның еңбегі жемісін берді және бүгінде ортақ түркі әлемі әдебиетінен бес жүзден астам шығарманың түрік тіліне аударылып, халыққа жетуіне мүмкіндік берді», — деді ол. Өз шығармаларының да Өмероғлұның бастамасымен түрік тіліне аударылғанын және Бенгу басылымдары арқылы басылғанын еске салған Раев марқұмның қазасының өзіне өте ауыр тигенін және түркі әлемінің бір ерікті сарбазынан айрылғанын атап өтті.
Мен оның өз мансабы үшін жұмыс істегенін ешқашан көрген емеспін
Раев эмоцияға толы сөзін жалғастырып, «Якуп ағам кеткенде, өз сөзімен айтқанда, ол түркі әлемінің түкпір-түкпірінде өзін жақсы көретін жақсылықты, сұлулықты көре білетін достарын жинап кетті. Бүгін біз Якуп Өмероғлұны Түркияда ғана емес, Түркі әлемінің түкпір түкпірінде танылған тұлға ретінде еске алып отырмыз.
Өлім – Алланың бұйрығы.
Якуп бауырым Аллаға адал барды.
Ортақ түркі әлемі мәдениеті үшін жасаған мәңгілік еңбегі ұзақ жылдар өтсе де есте сақталады және сүйікті Якуп жасаған игі істерімен жүрегімізде мәңгі сақталады.
Якуп Өмероғлұның естелігі, ойлары мен шығармалары әрқашан бізбен бірге болады.
Асыл досым, әріптесім
Жаныңыз жәннатта болсын», — деп аяқтады сөзін.
Еске алу жиынында сөз сөйлеген Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Уфук Тузман, ақын Али Акбаш және Өмер Кайыр да Якуп Өмероғлу туралы естеліктерімен бөлісті.
Бағдарлама Өмероглудың жұбайы Хавва Өмероғлұның алғыс айтуымен және естелік фотосуретке түсумен аяқталды.