БастыМәдениет

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Султан Раев «Мехмет Доған Түркі әлемі әдебиеті» сыйлығымен марапатталды

Түркия Жазушылар одағының (TYB) жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Жазушы, идея адамы және суретшілер» аталымдары бойынша биыл да марапаттау рәсімі өтті.

TYB бас президенті 2025 жылдың 1 қаңтарында TYB бас кеңсесі Д. Мехмет Доған Диванда өткен баспасөз мәслихатында TYB басшысы Муса Казым Арыжан марапат иелерінің есімдерін жариялады. Жиында түркі әлемінің көрнекті жазушыларының бірі ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевқа Д.Мехмет Доған Түркі әлемі әдебиеті сыйлығы табыс етілді.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы қызметін атқарып жатқан Сұлтан Раев дипломатиялық тұлғасымен ғана емес, әдебиет әлемінде жазушы, драматург және сценарист ретінде ерекше шығармаларымен де танымал. Раевтың түрік тіліне аударылып, түрік оқырмандары үлкен қызығушылықпен оқыған «Аптаның бесінші күні», «Күн ұстаған бала», «Бұзық», «Жындыхана» сияқты шығармалары түрік әдебиеті мен әлем әдебиеті арасындағы көпірге айналды.

Раев шығармалары адамзаттың ортақ эмоциялары мен құндылықтарын қозғай отырып, әлеуметтік динамикаға жарық түсіретін терең баяндау стилімен оқырманын баурап алды. TYB-ның бұл беделді сыйлығы оның әдебиетке қосқан үлестерінің халықаралық көрінісінің көрсеткіші.

Баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген TYB төрағасы Муса Казым Арыжан TYB-ның негізін қалаушы президенті, марапатқа аты берілген марқұм Д. Мехмет Доғанды ​​еске алды. Арыжан өз сөзінде «Д. Мехмет Доған әдебиетімізге, ой әлемімізге ұмытылмас үлес қосты. Оның мұрасы осы марапаттармен жалғасуда. Жатқан жері жайлы, жаны жанатта болсын», – деді.

Арыжан TYB-ның 46 жыл бойы түрік әдебиеті мен интеллектуалдық әлеміне қызмет етіп келе жатқанын атап өтіп, марапаттардың мақсатын мына сөздермен түйіндеді:

«Біздің жазушылар өз шығармаларын жазарда марапат күтпейді. Дегенмен, жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деген. Талант мақтауға лайық. Бұл марапаттар табысқа жеткен жазушылардың шығармаларын кеңірек аудиторияға жеткізуді, оларға құрмет көрсетуді және жазушылардың жаңа буынына жол ашуды көздейді», — деді ол.

Сыйлық туралы қысқаша мәлімдеме жасаған Бас хатшы Раев мұндай беделді әдеби сыйлыққа лайық деп танылу үлкен мәртебе екенін және бұл марапаттың жаңа шығармалар жазуға күш беретінін айтты.

Source
TURKSOY

TuraNews

Back to top button