Мәдениет

ТҮРКСОЙ Бас хатшы Сұлтан Раев көне Сауран қаласына барды

2025 жылы ТҮРКСОЙ түркі әлемінің ортақ рухани және материалдық мәдени құндылықтарын жаңғырту мен ілгерілетуді жеделдету үшін тиісті ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтпек.

Ресми іс-сапармен Қазақстанға барған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен оның орынбасары Сайит Юсуф Түркістан іргесіндегі тарихи Сауран қаласында болып, тарихи орын жайлы ақпаратқа қанықты.

Бас хатшы Раев сапарға қатысты жолдауында «2025 жылы біз ортақ рухани және материалдық тарихи мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, насихаттау бойынша тиісті ұйымдармен жұмысымызды жеделдетеміз», — деді.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 10-14 қазан аралығында ТҮРКОЙ жастар бағдарламасы аясында бокстан І жасөспірімдер турнирі ұйымдастырылды.

 

TuraNews

Back to top button