Қоғам

Түркістандық журналистер асық атып, ләңгі тебуден жарысты

Түркістандық журналистер асық атып, ләңгі тебуден сайысқа түсті, деп жазыда Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистер арасында спартакиада өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалы бірлесе ұйымдастырған іс-шарада БАҚ өкілдері әртүрлі сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Мәселен, кір тасын көтеріп, қол күрестіріп күштіліктерін көрсетті. Нысананы көздеу арқылы ептіліктерін танытты. Ал, командалық жарыста арқан тартып, асық ойнады. Ләңгі теуіп, қаппен жүгірді және былғары қолғап киіп кәмпит аршыды. Қыздар жағы жеміс-жидектен ассорти әзірлеп аспаздық қырларын көрсетті. Ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды.

Жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

TuraNews

Back to top button