Қоғам

Түркістанда «ZHAS PROJECT» жобасының грант жеңімпаздарының «Үздік жобалар жәрмеңкесі» өтті

«Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциация РҚБ мен Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы КММ ұйымдастыруымен ZHAS PROJECT жобасының грант жеңімпаздарының «Үздік жобалар жәрмеңкесі» өтті. Шараның негізгі мақсаты – жеңіске жеткен 20 жоба және өнімімен танысу болып табылады. Қазіргі таңда, 1 000 000млн теңге грант иегерлері әр жобаға құралдар алып, өз мақсатты топтарына тегін көмек көрсетуде, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Мемлекеттік жобаның бағыты «Жастар бизнесі жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздық деңгейін төмендету, білікті кадрларды даярлау сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты рөл атқарады. Жастар кәсіпкерлігінің мүмкіндіктерін кеңейту және ықпалын күшейту оның әлеуетін пайдалану қажеттілігін негіздейді. Жастар бизнесі шағын кәсіпкерліктің маңызды сегменті болып табылады».

«Zhas Project» -бұл әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтардан, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Жоба жастарды өз қоғамдастығының әлеуметтік-экономикалық өміріне және нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуға көмектеседі.

Шараға Түркістан облысы бойынша «ZHAS PROJECT» жобасының менторы Сая Сағынғалиева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшы орынбасары Керімбек Мырзабаев, Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоцияациясы РҚБ президенті Ақмарал Бекмурзаева, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев пен Облыстық Жастар Орталығы КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысты.

Осы жылы Түркістан облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «ZHAS PROJECT» жастардың осал топтары арасында жобаны іске асыру шағын гранттар жобасы іске асырылды. Нәтижесінде, облысымыздың аудан-қаласынан 143 өтінім түсіп, оның ішінен ережеге сай келген 61 жоба техникалық іріктеуден өткізілді. Сонымен қатар, келесі кезеңге өткен жастар 3 күндік онлайн семинар-тренинг оқуынан өтті. Соңғы комиссия отырысы барысында 30 жоба комиссия алдында өз жобаларын қорғап, 20 жоба грант иегері атанды.

TuraNews

Back to top button