Мәдениет

Түркістанда «RAIYMBEK» I республикалық театр фестивалі жалғасып жатыр

Түркістанда «RAIYMBEK» I Республикалық театр фестивалі жалғасып жатыр, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Фестивальдің алғашқы күнінде үш театр ұжымы өз туындыларын сахналап, көпшілікке ұсынды. Ал екінші күні төрт бірдей театр таңдаулы қойылымдарымен бақ сынады.

Атап айтқанда Түркістан музыкалық драма театрында Жамбыл облыстық орыс драма театры (Тараз) «Дубровский» игра в разбойники» шығармасын, Түркістан облыстық әмбебап ғылыми «Фараб» кітапханасында Алматы қаласы, Мәдениет басқармасы, «Алматы әуендерінің» «Жаңа ғасыр» театры (Алматы) Н.В.Гоголь шығармасы бойынша «Вий, аласапран» драма-мистикасын, Түркістан музыкалық драма театрында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры (Жетісу) «Мұғалім» драмасын, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында аталмыш театр ұжымы «Әл Фараби» драмасын сахналады.

Бекітілген кестеге сәйкес өзге де қатысушы театр ұжымдары ертең де сынға түспек. Оларға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры, өнертану докторы, қазылар алқасының төрайымы Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейтметов Азат Райымбекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сраилов Бахыт Бекмурзаұлы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультетінің деканы, өнертану кандидаты, профессор Жақсылықова Меруерт Болатханқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейітмамытов Балтабай Сейітмамытұлы төрелік етіп жатыр.

TuraNews

Back to top button