Түркістанда «Қауіпсіз қоғам» акциясы өткізілуде
Түркістанда «Қауіпсіз қоғам» акциясы аясында жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды TuraNews.kz.
AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы “Жастар Рухы” жастар қанаты Полиция департаменті құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғау бағытында түнгі рейдтер мен жедел-профилактикалық «Қауіпсіз қоғам» акциясы аясында жұмыстар атқарылуда.
Акция аясында кеше түнде Түркістан қаласында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кезекті рейдтік іс-шара өтті. Рейд барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 132 бабы – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта сағат 22:00-ден кейін ойын сауық мекемесінде заңды өкілінсіз жүруіне жол берген «2» ойын-сауық мекемесі анықталып, оларға әкімшілік хаттама түзіліп, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабы 1 бөлігі- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемесінде болғаны үшін «4» жасөспірім белгілі болды. Кәмелетке толмаған жастар бөлімшеге жеткізіліп, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ал, 14 жасөспірім ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабы 2 бөлігі- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23:00-ден кейін жүргендері үшін ұсталды. Заң бұзған жасөскіндер бөлімшеге жеткізіліп, заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Дегенмен, олардың мұндай құқық бұзушылықты бірінші мәрте жасағандары үшін ескерту берілді.
Айта кетейік, өңірде ағымдағы жылдың 10 айында ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз, тұрғын жайдан тыс жерде жүргені үшін 5 319-ден аса ата-ананың жауапкершілігі қаралған. Ал, сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында балалардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 114-ге жуық мекеме иелері Әкімшілік кодексінің 132-бабымен жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар салынған.