Түркістанда қаржы саласының қызметкерлері арасында сайыс өтіп жатыр
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің 30 жылдығына орай Түркістан облысының қаржы саласындағы қызметкерлері арасында спорттық, интеллектуалды және музыкалық сайыс өтіп жатыр, деп хабарлайды TuraNews.kz.
13 қарашадан басталған сайыс үш күнге жалғасып, өзара мықтылар анықталды. Алғашқы күні «Turkestan-arena» спорт кешені стритбол ойынына қатысушы командалар арасында жеребе тарту рәсімі өтіп, оған команда атынан 1 өкіл қатысты. Содан соң Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спорт залында 3 негізгі, 2 қосалқы ойыншыдан тұратын қатысушы командалар арасында жарыс өтті.
Екінші күні қазақша куиз командалар арасында интеллектуалды жарыс өтті. Әр команда 5 ойыншыдан құралып, «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің кіші залында бақ сынады. Үшінші күнінде қаржы саласы қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтау шарасында музыкалық сайыс өтіп, аталған үш жанр бойынша жеңімпаздар марапатталады деп күтілуде