Басты

Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды

Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды, деп хабарлайды Turanews.kz.

Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркістан қаласында өтуде.

Құрылтайға қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары және сарапшылар арнайы қатысып жатыр.

Еске салайық, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын. Алқалы жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.

Айта кетейік, бүгін Қ.Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен ұшып барды.

TuraNews

Back to top button