Қоғам

Түркістанда лудоманияға қарсы күрес қалай жүргізіліп жатыр

Облыста жастар арасында лудоманияның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды.

Түркістан облысында жыл басынан бері лудомания алдын алу бойынша 17 аудан, қалада 112 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2 860 жас қамтылған.

Сонымен қатар, жастар арасында құмар ойынның зардаптарын түсіндіріп, қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында «Құмар ойынға құмартпа!» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 42 студент қатысты.

Адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлықтың, лудоманияның алдын алу жастарға адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, саламатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатыда «Нашақорлық-қауіпті індет, алдын алу-міндет!», «Дін және қоғам», «Құмар ойынға құмартпа!», «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» және «Жастар – ізгі қоғам айнасы» атты семинар-тренингтер студенттерге өткізілді. Семинарға 150 студент қатысты.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар Ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен, Келес, Созақ және Ордабасы аудандарында лудомания деңгейін азайту және бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында «Лудомания – қоғам дерті» атты облыстық форум өтті. Форумға 500-ге жуық жастар қатысты.
Сонымен қоса, 11 маусым күнінен бастап аудан, қалаларда лудоманияның алдын алу мақсатында «Құмар ойынға құмартпа!» атты семинар – тренинг өткізілуде. Семинар – тренингте “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы және «Заңғар-Медет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дарханбаева Лайла инновациялық технологияларды қолдана отырып, лудоманиямен күресу жолдарын түсіндіруде.

TuraNews

Back to top button