ҚоғамЭкономика

Түркістан: түлкібаста мал бордақылау алаңдарының саны артып келеді

Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдарының қатары артып келеді. Соның бірі – «Баян-Сұлу» ЖШС-гі 400 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, «Ангус» тұқымдымды ірі қара малды бордақылау ісімен айналысып отыр, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Жыл басында 700 басты бордақылаудан бастаған кәсіпкер, бүгінде 230 басын сойып, ет бағытында өткізсе, қалған 470 басын тиісті салмаққа жеткенше бордақылауда. Серіктестік төрағасы Данияр Байтілеудің айтуынша, мұнда 25 адам жұмыспен қамтылып, тұрақты жұмыс істейді. Алдағы уақытта кәсібін кеңейту мақсатында ауқымды жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Яғни, Украина елінен сүт бағытындағы 200 ірі қараны елімізге алып келмекші.

Аудан басшысы Нұржан Ізтілеуов шаруа қожалықтың жұмысымен танысып, бұл жобаны қолдайтынын жеткізіп, әкімдік тарапынан барлық қолдау заң аясында жүзеге асырылатын мәлімдеді. Жауапты сала мамандарына нақты тапсырма беріп, осы жоба негізінде тиісті жұмыстарды атқаруды міндеттеді.

Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 4 ірі мал бордақылау алаңы, 121 үй іргелік мал бордақылау қоралары бар.

TuraNews

Back to top button