Түркістан: шардарада балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Шардара ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын дамыту жұмысы негізі ең өзекті мәселелердің қатарына кіріп отыр. Себебі еліміздегі суайдындарының тиімді пайдаланылмауымен халықтың балық шаруашылығы су тоғандарын бекіту мен оларды жүргізу кезіндегі ресми мәліметтердің аздығы мен практикалық тәжірибелердің жоқтығында болып табылады. Біздің бұл тезисті жазуымыздың бір себебі қазіргі кезеңдегі әлемдік алпауыт елдерінің ішіндегі кейбірінің экономикалық тұрғыдан дамуының басты факторы осы табиғи байлықтарды қорғау мен оларды тиімді пайдаланудың арқасында жүргізіліп отыруының себебінен Елбасымыздың 2030 — 2050 бағдарламалары негізінде елімізге балық шаруашылығын дамыту керектігін нақты айқындауы негізінде көрсетіледі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 48 262 көл бар, оның ішінде ауданы 1 км² азы -45 248. Ауданы 100 км² асатын ірі көлдердің саны – 21. Қазақстан көлдерінің жалпы ауданы 45 002 км² жетеді, оның ішінде ауданы 1 км² асатын көлдер 40 769 км² аумақты алып жатыр. Жергілікті маңызы бар су қоймаларының жалпы аумағы шамамен 700 мың га. көлдердің ең көп шоғырлануы Қостанай және Ақмола облыстарында байқалады.
Сондай-ақ айтарлықтай ресурстар Сырлария өзенінің сағасында шоғырланған. Қазақстанда балық шаруашылығына бай су қоры және балық шаруашылығын қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар бар. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы тауарлық балық шаруашылығының әр түрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді, мысалы: тоғандық (оңтүстік және шығыс Қазақстан), көлдік-тауарлық (солтүстік, оңтүстік және шығыс Қазақстан) және индустриалдық (жылы суды шығаруресурстары барөнеркәсіптік кәсіпорындардың су қоймалары, геотермальды көздер, тұйық су жүйесін қолдану). Балық аулау көлемі 1960 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғанда 111,9 мың тоннадан 68,6 мың тоннаға дейін қысқарды, ал 2010 жылдан бастап бұл көрсеткіштің төмендеуі тағы 51,7 мың тоннаны құрады. Балық саласында жұмыс істейтіндердің саны 40 жылдардағы 110 мыңнан 4-5 мың адамға дейін қысқарды. Негізінен, бұл қысқару Арал теңізінің тартылуына байланысты; басқа факторлар – балықты шектен тыс аулау, өзен суын ластау және артығымен алып қою. Ел 10-20 жылда балық шаруашылығын табысты түрде қалпына келтірген көптеген мысалдар бар. Жекелеген кәсіпшілік объектілер санының қысқару үрдісі жағдайында кәсіптік балық аулау кәсіпшілігі үшін оның баламасы тауарлы балық шаруашылығының дамуы болып табылады.
Сондықтан, балық аулаушылықтан тауарлы балық шаруашылығына ақырындап қайта бағдарлану табиғи су айдындарының балық ресурстарынан кәсіптік қыспақты алып тастауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде тауарлы балық шаруашылығы мультипликативтік әлеуметтік-экономикалық әсер береді. Сөйтіп, тауарлы балық шаруашылығын дамыту бойынша іскерлік белсенділіктің өсуі, әсіресе ауылдық өңірлерде қосымша жұмыс орындарының құрылуына жәрдемін тигізеді.
Шардара ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде.
Аудан тұрғыны Жасұлан Тұрсынбаев жыл басында балық шаруашылығын бастау мақсатында Атамекен кәсіпкерлік палатасының Шардара ауданындағы филалына барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы түсіндірме жұмыстарымен танысқан.
Сонан соң жас кәсіпкер тізімде көрсетілген барлық құжаттарды жинақтап, Ырыс микроқаржы ұйымы арқылы өтінім білдіріп, 8 550 000 теңге көлемінде жеңілдетілген 2,5% несиеге қол жеткізді. Ол аталған қаржының 2 800 000 теңгесін 10 000 бас шабаққа, қалған 5 750 000 теңгеге өз қаржысынан 7 510 000 теңге қосып жалпы суммасы 13 260 000 теңгеге 25 500 кг жем сатып алған. Бүгінде баптап отырған балық түрлері: сазан (карп), толстолоб пен ақ амур эко система үшін жіберілген.
Қазіргі таңда ауданда балық өсіру жұмыстары біршама қарқындаған.