Басты

Түркістан: Сайрамда жалпыхалықтық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.

Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Бұл — туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық белсенділіктің нақты көрінісі. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

TuraNews

Back to top button