Экономика

Түркістан: Ордабасыда 341 мың тонна мал азығы жиналды

Ордабасы ауданында қысқы мал азығын дайындау мәселесі қарқынды жүзеге асуда. Осы ретте аудан әкімі Азат Оралбаев қысқы мал азығын дайындау бойынша ауылдағы шаруа қожалықтарды аралап, шаруалардың қысқа дайындығын пысықтады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Биыл ауданда мал басына қажетті 322,9 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланып, бүгінгі таңда 341 мың тонна мал азығы жиналды.

Аудан басшысы сапар барысында Бадам өндірістік коперативінің, «Мусаев Мухан» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кездесуде шаруаларды мал, егін шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды. Әрі жыл өткен сайын жайылымдық алқаптың тарылуына байланысты мал басын арттыру, бағуда дәстүрлі тәсілден заманауи әдіске көшу туралы айтып өтті.
Жалпы ауданда 280 бірлік мал ұстау обьектілері бар болса, төрт түлікке қажетті азық түрінен сабан – 34 мың тонна, пішендеме — 13,5 мың тонна, табиғи шөп – 107,6 мың тонна, жоңышқа – 171,6 мың тонна және сүрлемдік жүгері 14 мың тоннаны құрап отыр.

Айта кетейік, ауданда 9 айдың қорытындысымен ірі қара мал 82 204 бас, уақ мал 447 383 бас, жылқы 32 345 бас, түй 930 басты құрап отыр.

TuraNews

Back to top button