ҚоғамЭкономика

Түркістан облысының тұрғындары қайтарымсыз грант алып, кәсіп ашып жатыр

Түркістан облысында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Осы орайда Ордабасы ауданында ерекше бизнес идеясы бар азаматтарға қайтарымсыз гранттар ұсынатын бастама қолға алынды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Өткен жылы Ордабасы ауданында 183 азамат қайтарымсыз гранттардың игілігін көріп, соның ішінде әлеуметтік жәрдемақы алатын аналар, мүгедектігі бар азаматтармен жұмыссыз жастар да бар.

Биылғы жылы бағдарлама бойынша Ордабасы ауданында 90 адамға қолдау жоспарланса, оның 50 адамы қазірдің өзінде қаржыландырылды. Сонымен қатар, бағдарлама арқасында жастар жаңа бизнес жобаларды зерттеуге ынталандырылып, нәтижесінде жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделіп отыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында биыл 1700 азаматқа қайтарымсыз гранттар бөлу жоспарлануда.

TuraNews

Back to top button