Қоғам

Түркістан облысының 4 тұрғыны велосипедпен Меккеге умра сапарына аттанды

Келес ауданына қарасты Аққорған елді мекенінде тұратын бір топ азамат кіші қажылық парызын өтеу үшін велосипедпен жолға шықты.

Қарапайым «Урал» велосипедіне мінген олар бүгін Қазығұрт ауданының маңына тұрақтаған.

Ал, таңертең «Түркістан-Самара» бағыты арқылы сапарын жалғастырады.

Кейін Ақтау қаласына барып, Каспий теңізі арқылы Түркияға өтеді. Жалпы жолаушылар бір айда Мекке қаласына кіруді жоспарлап отыр.

«Ауылдан 4 адам болып жолға шықтық. Ұлым Исламның жасы 29-да. Ал, туыстарым Ұлан 50-де болса, Мұзаффар 47 жаста. Өзім 61-ге аяқ бастым. Жолға қажетті карта, компас секілді заттарымызды алдық. Ал, асымызды жолдан ішіп жатырмыз. Кей жерлерде сатып алсақ, кей жерлерде халық өздері тамақтандырып жүр» — дейді Жаббарәлі Ташметов.

Ақсақал бұл саяхатқа біраз уақыттан бері дайындалыпты.

Алыс сапар болғандықтан велосипед мініп, ауыл арасында шыныққан.

Тіпті арасы 30 шақырым болатын Келес пен Сарыағаш ауданына шайтан арбамен барып келген кездері көп.

«Өңірімізде велосипедпен тұңғыш рет қажылыққа біз шығып отырмыз. Қандай қиындық болса да шыдауға дайынбыз. Алла қажылығымызды қабыл алсын деп ниет етемін», — дейді ол.

TuraNews

Back to top button