БастыҚоғам

Түркістан облысыны кейбір аудандарында шіркей қаптап кетті

Түркістан облысының кейбір аудандарын шіркей басып жатыр, деп хабарлайды Turanews.kz.

Шіркейдің көптігі сонша, тұрғындар беттерін тұмшалап алуға мәжбүр. Әлеуметтік желіде жарияланған видео авторының айтуынша, шіркейлер жұмыртқа ашқан қырғауылдың балапандарын жеп қойған.

«Тіпті, қоян көжектері мен төлдеген сиырдың бұзауы және жылқылардың құлындары өліп кетіп жатыр», — дейді автор.

Ал, аталған мәселеге ресми түрде жауап берген Отырар ауданының әкімдігі елді мекендерде жәндіктер мен өзге де зиянкестерге қарсы дәрілеу, дезинсекциялау жұмыстары жүргізіліліп жатқанын жеткізді.

«Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының тапсырысына сәйкес дернәсіл шіркейлермен күресу үшін «bacillus thuringiensis» бактериялық препараттарын суға жіберу әдісі қолданылып жатыр. Ал, су қорғау аймақтарында, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елді мекендерде, демалыс аумақтарында химиялық инсектицидтер өңдеу әдісін қолдану арқылы тиісті дәрілеу жұмыстары атқарылады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, шіркеймен күрес Арыс қаласының аумағында да жүріп жатыр. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, екі кезең бойынша іске асатын жұмыстар адам көп шоғырланатын аймақтардан басталған,

TuraNews

Back to top button