Қоғам

Түркістан облысында құтқарушылар тауда адасқан азаматты құтқарды

Түркістан облысының құтқарушылары бүгін, кешкі сағат 19:10-да Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылынан 8 км қашықтықта, «Қазығұрт» шыңына (1741 м) шығып, тауда адасып, қауіпті жағдайға тап болған 1958 жылы туған азаматты құтқару бойынша операция жүргізді.

Демалуға барған бір топ азаматтың бірі Қазығұрт шыңын бағындыруды ұйғарғанымен, тобынан адасып, өз бетінше қайтып келе алмаған. Тауда адасып қалған азаматқа дер кезінде жеткен ТЖД күштерімен жедел медициналық жәрдем беріп, эвакуациялады.

Төтенше жағдай департаменті таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Тауға шығар алдында маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеп, сел қаупі бар жерлерден аулақ болуды ескертеді.

ТЖД құтқарушылары тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Тауға шыққан кезде сізге қажет: дене даярлығын есептеңіз, құтқару қызметтерінің ұсыныстарын ескеріңіз: ауа-райы жағдайлары, көшкін қаупі деңгейі, таудағы серуенге өзіңізге қажетті заттармен қамтамасыз етіңіз: пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңке, су, қосымша жылы киім-кешек, GPS навигаторы.

TuraNews

Back to top button