ҚоғамЭкономика

Түркістан облысында «мен кәсіпкер» жобасы өтіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа кезектен тыс жолдаған Жолдауында бизнестің дамуына қатысты реформаларға тоқталып, жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріліп, жұмыссыздықпен күрес жанданатындығын айтқан болаиын. Президентіміз әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға аса көңіл бөледі.

Бүгінгі таңда, Түркістан облысында 185 мыңға жуық кәсіпкерлер болса, оның 1/3 бөлігін әйелдер қауымы құрауда. «Мен кәсіпкер» – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жүзеге асырылып жатыр. Жоба бірнеше саланы қамтиды. Негізгі екі бағыты бар: әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы және кәсіпке бағыт. «Мен кәсіпкер» атты біліктілікті арттыруға бағытталған бағдарламаның аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы жүзеге асырылады. Спикердің сөзінше, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы ауылдардағы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ауыл тұрғындарын кемінде бір өнімді шығаруға үйретуді, ұйымдастыруды көздейді. Ол үшін қажетті арнайы топ мамандар біліктілік, технологиялар мен стандарттарды ауыл тұрғындарына үйретеді.

– Жапонияның халықаралық қарым-қатынас агенттігінің мамандары мен «Атамекен» мамандары бірігіп, нақты ауылдардан өнімді шығарудан бастап, сол өнімнің ішкі және сыртқы нарықта саудалануына дейін сүйемелдейді. Жобаға осы жылы тек әйел адамдар қатыса алады. Қатысу үшін әйел кәсіпкерлігін дамыту орталықтары арқылы арнайы тапсырыс беру қажет. Негізгі талабы – жергілікті шикізаттан өндірілетін тауар болуы шарт. Келіп түскен өтінімдерді арнайы сарапшы мамандар зерделеп, «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қосады. Әрі қарай бұл кәсіпкерлермен менторлар, білікті салалық мамандар, технологтар, маркетологтар өнімді өндіріп, сапасын арттырып, тиімді саудаға шығару бойынша жұмыс істейді, – дейді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама аясында «Кәсіпке бағыт» жобасы да ұйымдастырылып жатыр. Осы ретте үздік деп танылған 40 жобаға қолдау көрсетіледі. Жобаның негізгі мақсаты – салалық оқытуды ұйымдастыру. Салалық оқу аудандар мен қалалардың дағдылануына сәйкес кәсіпкерлердің өтінімдері негізінде 5 негізгі бағытта жүзеге асырылады. Атап айтсақ, мал және егін шаруашылығын жүргізу, Ауылшаруашылық өнімді өңдеу мен өндірістік мини цехтарды жүргізу, сондай-ақ, қызмет көрсету және сервис. Оқыту теориялық және практикалық негізде жүргізіледі. Сондай-ақ, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың базасында практикалық курстар өтеді. Оқудан өткен кәсіпкерлерге 3-6 ай аралығында арнайы кәсіби кеңесші бекітіліп, алған білімді практикалық негізде қолдануға енгізуді сүйемелдейтін болады.

Оқудың бұл түріне ер кәсіпкерлер де, әйел кәсіпкерлер де қатыса алады. Жақын арада өңірдің бейімделген кәсіп түрлері айқындалып, оқуға өтінімдерді қабылдау басталады. Жобаға қызығушылық танытқан азаматтар Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының мына байланыс нөміріне хабарласуына болады. Тел.: 8(7253)35-98-98.

Одан бөлек, брифинг соңында спикер кәсіпкерлерді Түркістан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсына қатысуға шақырды. Ол үшін ауданда орналасқан филиалдарға барып өтінім жолдау керек. Облыстық көрме-конкурс жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысып, жүлделі орындар алуға мүмкіндіктері бар.

Айта кетейік, өткен жылы палатаға түскен өтініштердің 96-сы оң шешімін тауып, 10 млрд теңгеден астам мүліктік құқықтар қорғалған. Ал биыл алғашқы 4 айда 38 өтінім оң шешімін тауып, 500 млн теңгеге жуық қаржы кәсіпкерлер тарапынан қорғалды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және нормативті құқықтық актілерін қарау бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және нормативті құқықтық актілерге сараптамалық қорытынды беру бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, өткен жылы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасына түскен өтініштерден 96-сы оң шешімін тауып, 10 млрд. теңгеден астам мүліктік құқықтар қорғалған. 2023 жылдың алғашы 4 айында 38 өтінім оң шешімін тауып, 500 млн. теңгеге жуық қаржы кәсіпкерлер тарапынан қорғалды. Палатаға өткен жылы 297 нормативті құқықтық актілердің жобалары түскен, оның 77-не ескертулер берілген. Палатаның екінші үлкен бір бөлігі – бұл қаржылай емес қолдау шараларын көрсету. 2023 жылдың алғашқы 4 айында бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу, статистикалық есептілікті жасау, заң мәселелері және тендерлік рәсімдер, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу, бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер бойынша 582 кәсіпкерге 601 қызмет көрсетілді. Өткен жылы 1 784 кәсіпкерге 1 892 қызмет көрсетілген болатын. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың алғашқы 4 айы бойынша 6 000-нан астам кеңестер мен қаржыға дейнгі сүйемелдеу жұмыстары көрсетілді. 2022 жылы жалпы 12 686 қызмет жұмыстары жүргізілді. Түркістан қаласында Республика бойынша алғашқы болып Палата жанынан «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» ашылды. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жобасы жүзеге асырылу басталғалы жалпы 682 кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйел кісілерге 1 294 қызмет көрсетілді. Бұл қызмет түрлеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беру, сұранысқа ие кәсіби оқытулар ұйымдастыру, менторлық сүйемелдеу жұмыстары, кәсіпорындардың даму әлеуетін анықтау үшін ағымдағы бизнес жағдайына сыртқы бағалауды ұйымдастыру, «Бір ауыл – бір өнім» жобасын ұйымдастыру жатады.

Өздеріңізге белгілі, Түркістан өңірі – ауылшаруашылыққа бейім өңір, халықтың 80 пайызы ауылды жерлерде шоғырланған. Сол себепті, Палатаның алдында ауылшаруашылық саласын дамыту мақсаты қойылған. Ауылшаруашылықты дамыту – дихан мен малшы қауымдарының агробіліктіліктерін арттырудан басталады. Бүгінгі таңда, егіншілік саласында ұзақ жылдар бойы топыраққа агрохимиялық сараптама жүргізілмегендіктен, химиялық тыңайтқыштарды жүйесіз қолдану арқылы егістік жерлерде топырақтың құнарлығы төмендеп нәтижесінде топырақтың сорлануы, сортаңдануы, батпақтануына, ластануы, тұздануы сияқты келеңсіз факторлар орын алуда. Облыс өңірлерінде топырақ құрамы ерекше. Нәтижесінде дақылдардың өнімділігі мен сапасының төмендеуі өзекті мәселеге айналуда. Аталған саладағы кемшіліктерге маңыз бере отырып, Облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Агро-кеңес беру орталығы» құрылды. Ондағы мақсат – әр дақылдың өсіру технологиялық ерекшеліктерін ескеріп, демонстрациялық алаңдар ашып, тәжірибе ретінде шаруаларға ұсыну. Пилоттық жоба аясында «Рамазан агро» ЖШС базасында мақта өсіру бойынша демонстрациялық алаң ашылды. Бұл пилоттық жобаның өндірістік бағыты – инновациялық технология қолдану арқылы жүгері, бақша, көкөніс, жеміс-жидек, жылыжай дақылдарын органикалық негізде өсіріп, бір гектардан алынатын өнімділігін арттыру, химиалық тыңайтқыштардан бас тартып, толық органикалық тәсілге көшу.

TuraNews

Back to top button