ҚоғамЭкономика

Түркістан облысында манго, авокадо өсіріледі

Түркістан облысы Сайрым ауданыңда манго, авокадо өсіріледі, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясы 5,3 га жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда.

Кәсіпорын басшысы Тимур Утешов алдағы уақытта манго, авокадо сынды жеміс түрлерін өндіруді жоспарлап отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі. Жобаның бірінші кезеңдегі құны 4 млн. АҚШ долларды құрайды. Құрылыс сапасы жоғары, жылыжайлар климаттық бақылау мен бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған.

Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорын жақын арада жылыжай жерін 5 гектарға кеңейтпек. Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан жылыжай жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін 1% қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар Датқа елді мекенінде орналасқан аудандағы «Шымыр-Медет» лимон жылыжайында жалпы көлемі 1 га. жерде 2000 түп лимон көшеті отырғызылған. Жылына 80 млн. лимон өнім береді. Бұл лимонарии облыс аумағындағы ең үлкен жылыжай болып саналады.

 

TuraNews

Back to top button