Қоғам

Түркістан облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталды

Бүгін Түркістан облысының барлық қала мен аудандарында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерінен тегін кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да мамандар бар. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі.

Ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. «Халық заңгері» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді және қарапайым қазақстандықтардың алғысына ие болуда.

2025 жылғы 30 мамырда Түркістан облысы бойынша «Халық заңгері» республикалық акциясы өтетін қала және аудандардағы орындар:

1. Арыс қаласы – «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы», Арыс қаласы, Қонаев даңғылы № 9А;
2. Кентау қаласы — «Жастар ресурстық орталығы», Кентау қаласы, Аблайхан көшесі №10;
3. Түркістан қаласы — «Фараб» кітапханасы, Түркістан қаласы, Б.Батырбеков көшесі №13;
4. Жетісай ауданы — Қалалық әкім аппараты жанындағы аллея, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №26;
5. Мақтаарал ауданы — «Жастар ресурстық орталығы», Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесі, №81;
6. Шардара ауданы – «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы», Шардара қаласы С.Әшіров көшесі №38;
7. Келес ауданы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Келес ауданы, Абай ауылы Т.Рысқұлов көшесі №82А;
8. Сарыағаш ауданы — «Жеңіс» саябағы, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі н/үй;
9. Қазығұрт ауданы – «Кәсіпкерлік мектебінің фронт офисі», Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №2;
10. Төлеби ауданы – «Мәдениет үйі», Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі №237;
11. Сайрам ауданы – «Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі», Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы;
12. Ордабасы ауданы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Қажымұхан көшесі №228;
13. Бәйдібек ауданы – «Жастар ресурстық орталығы», Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі №53;
14. Созақ ауданы – «Жастар ресурстық орталығы», Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Қожанов көшесі №100;
15. Сауран ауданы – «Мәдениет үйі», Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №20;
16. Отырар ауданы – «Халықтық кеңсе орталығы», Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы 25,
17. Түлкібас ауданы – «Халықтық кеңсе», Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201.

 

TuraNews

Back to top button