Қоғам

Түркістан облысында есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында жыл басынан бері мектеп оқушылары мен студент жастар және халық арасында нашақорлыққа қарсы 260-тан астам профилактикалық іс-шаралары өтті.

Іс-шараға жалпы 44 мыңнан астам адам қатысқан. Сондай-ақ, облыс аумағындағы көшелер мен қоғамдық орындарда арнайы билбордтар және LED экрандарға ескертпелер орналастырылған. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында қоғамдық орындарда есірткі тұтыну фактілері орын алмаған. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Амангелді Бурханов брифингте мәлімдеді.

2024 жылдың 6 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 423 дерек тіркелді. Оның ішінде 201-не қылмыстық іс тіркелсе, 222 жағдайда айыппұл салынған. Заңсыз айналымнан 200 килограмм 776,57 грамм есірткі тәркіленді -, деді спикер.

Cонымен қатар, Амангелді Сәпиұлы синтетикалық есірткіге қарсы күрес жайында айтты. Биыл жыл басынан бері синтетикалық есірткімен байланысты 24 дерек анықталып, жалпы 1 килограмнан астам түрлі синтетикалық есірткі заттары тәркіленген.

TuraNews

Back to top button