Басты

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

2025 жылғы 18 қараша күні таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) хабарлағандай, өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келген кезде үйдің толықтай өртке оранғаны анықталған.

Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды.

Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

«Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды», — деп жазылған ресми ақпаратта.

Көршілердің айтуынша алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған.

Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.

Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Source
Zakon.kz

TuraNews

Back to top button