Қоғам

Түркістан облысында бір сыныпта 6 егіз бала мектеп бітіріп жатыр

Мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы 25 мамыр күні өтеді

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек түлеп ұшпақ. Оның ішінде 6 егіз оқушы бір сыныпта білім алады.

Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді жас түлектер оқуда да озат. Сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы — Данабай Ақылбек “Алтын белгіге”, Данабай Асылбек “Үздік аттестаттқа” үміткер.

Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса бірдей заң саласында қызмет ету үшін «Тарих», «Құқық» сияқты пәндерді таңдауда, – дейді ұстаз.

Айта кету керек, мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы 25 мамыр күні өтеді. Осы жылы ауданнан 2000-нан аса бітіруші түлек үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр, оның ішінде 89 оқушы “Алтын белгі” төсбелгісіне және 144 оқушы “Үздік аттестатқа” үміткер.

TuraNews

Back to top button