Қоғам

Түркістан облысында азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылуда

Түркістан облысындағы барлық аудан орталықтарында референдум күні жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.

Тұрғындар азық-түлік өнімдері мен көкөністерді нарықтық бағадан 15-20% төмен бағада сатып алып жатыр. Өңір шаруалары өз өнімдерін жұртшылыққа арзан бағада ұсынып, ел алғысына бөленуде.

Айта кетейік, дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.

 

TuraNews

Back to top button