Қоғам

Түркістан облысында «Aрмандар орындалады»

Қала көлемінде басталған «Армандар орындалады» жобасы облыс көлемінде жалғасын тауып, 15-ші мәрте өткелі жатыр, деп хабарлайды TuraNews.kz.

247 баланың тілегін орындап үлгерген жобаға тағы 8 баламен толықтырылатын болды. Бұл жолы Ордабасы, Отырар аудандарынан, Кентау қаласынан және шаһарымыздан ерекше балалар қатысады. Ниет білдіріп балаларға қуаныш сыйлауға атсалысуға асыққан жақсылар түрлі сала мамандары. Тағы бір айта кетерлігі, 15-рет ұйымдастырылып жатқан іс-шараның алдыңғылардан өзгешелігі «Сен ерекшесің» фотокөрмесін де тамашалауға болады. Қысқаша мәлімет: ерекше балаларды психологиялық комплекстен шығарудың тағы бір нұсқасы- фотосессия (әрине баланың диагнозын ескере отырып). Бұлай дейтінім, дені сау балалардың арасында да комплекске жиі түсіп, тұйықталып қалатындары кездеседі. Біріншіден, өздеріне көңілдері толмауынан арылу керек. Ал ерекше балаларға айтып түсіндіру оңай емес әрине. Сонда да барлық мүмкіншілікті қарастыру арқылы көмек беруге талпынуға тиіспіз. Екіншіден, өздеріне деген сенім пайда болады. «Кімнен кеммін!» деген көзқарас қалыптаса бастайтынына күмәнім жоқ. Содан кейін барып қоғаммен етене араласып кетуіне алғашқы қадамдарының куәсі бола аламыз.

Фотосессияның ерекше балаға берері бар. Бір уақытта бірнеше маман жұмыс жасау арқылы баламен коммуникативтік байланыс орнайды. Баланың қызығушылығы да арта бастайды.

Ерекше күтімді қажет ететін, үйден оқитын баланы психологиялық комплекстен арылту;
айналамен (ортамен, табиғатпен, басқа да маман иелерімен) байланыс орнатуға жағдай жасалады.
Фотоға түсіру арқылы өзінің басқа да қырларын (өнерін) ашуға мүмкіндік беру, қызығушылығын оятпақ.

TuraNews

Back to top button